|
Toyota компаниясы құрастырып шығарған автокөліктер саны 300 млн-ға жетті
|
Жапонияның әлемге әйгілі Toyota Motor Corp компаниясының құрастырған автокөліктер саны күллі әлем бойынша осы жылдың қыркүйек айында 300 млн-ға данаға жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жетістікке аталмыш компания 88 жыл екі айдан кейін қол жеткізген. Яғни, осы мерзім аралығында 300 млн автокөлік құрастырған. Қыркүйек айының аяғында отандық өндіріс көлемі 180,52 млн дананы, шетелдік өнім – 119,6 млн дананы құраған. Ең көп өндірілген модел - Corolla, оның жалпы әлемдік өндірісі 53,39 миллион дана болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады