Малайзияда жоғарғы шариғи сот құрылуы мүмкін
Малайзияда жоғарғы шариғи сот құрылуы мүмкін
1 ай бұрын 419 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Малайзияның Паханг штатының басшысы, сұлтан Абдолла жоғарғы шариғи сот құрудың қажеттілігіне тоқталды. Дәлірегі, ол күні кеше оңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылман елінде өткен ислам әлеміндегі замануи білім беру жөніндегі халықаралық жиында ортаға осындай ұсыныс тастады. Бұл жайында islam.kz пораталы өз кезегінде Malay Mail ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сұлтанның пікірінше, мемлекетте мұндай құзырлы мекеменің құрылуы өз кезегінде азаматтық-құқықтық заңнаманы ислам қағидаттарына сәйкес келтіруге көмектесуі мүмкін. Абдолла қазіргі уақытта шариғи сот жүйесінің үш деңгейден тұратынын атап өтті: төменгі сатыдағы шариғат соты, жоғары сот және шариғи апелляциялық соты. Сондай-ақ, ол шариғат талаптарының Пахангтың 12-сұлтаны билік құрған уақыттан бері елде қолданылып келе жатқанын және олардың үнемі жетілдіріліп отыратынын баса айтты. Мамыр айының 5-7 күндері аралығында өткен ислам әлеміндегі заманауи білім беруге арналған айтулы Индонезия, Бразилия, Сирия, Үндістан, Либия, Тунис, Канада және Сауд Арабиясы сияқты 22 елдің сарапшылары қатысты.

0 пікір
Мұрағат