Бір-біріне қозғалуға көмектесетін робот ұлу жасалды (видео)
Бір-біріне қозғалуға көмектесетін робот ұлу жасалды (видео)
13 күн бұрын 536 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Гонконгтағы Қытай университетінің ғалымдары роботты ұлу жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір-бірінің үстінен жорғалау арқылы олар көпір мен пандус қалыптастыра алады. Тірі ұлу сияқты қозғалады.  Нағыз ұлу сияқты олар «қабық» пен «аяқтан» тұрады, олардың қызметін құрттары орындайды. Роботтар қозғалу үшін, дәлірегі, орын ауыстыру немесе жылжу үшін бір-бірін пайдаланады. Тірі ұлулар бір-бірінен ажырамас үшін жабысқақ шырышты пайдаланса, робот нұсқалары магнитті пайдаланады. Болашақта ғалымдар мұндай роботтарды ғарышты зерттеуде, қоқыстарды жоюда және жоғары маневрлікті қажет ететін пен қалтарыс-бұлтарыстан, қуыстан өтуді қажет ететін басқа да жұмыстарда қолданады.

0 пікір
Мұрағат