|
Мәдинада қажылар үшін қонақ үйлер салынады
|
Мәдина шаһарының губернаторы ханзада Фейсал бин Салман 55 млрд саудиялық риалға бағаланған жылжымайтын мүлікке қатысты аса ірі жобаны жүзеге асыруға пәрмен беретін болды. 4-5 жұлдызды, 100 мұнаралы қонақ үйлер 120 000-нан аса адамға шақталған. Аталмыш жобаны мемлекеттік инвестиция қоры қаржыландырады. Сауд Арабиясының Қаржы министрі Ибрагим әл-Ассаф, Қажылық істері жөніндегі министр Бандар Хажар және өзге де жоғары лазауымды тұлғалар жобаның тұсаукесеріне қатысты. Қаржы министрінің сөзіне қарағанда, «Дар әл-Хижра» деп аталатын жоба бойынша салынатын қонақ үйлердің аумағы мен ауданы 1,6 млн шаршы метрді құрайтын болады. Құрылыс жұмыстары екі жылға созылады. Әр ғимарат 30 қабаттан тұрады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды