Электронды кітаптың орнын «ақылды» экран басады
Электронды кітаптың орнын «ақылды» экран басады
3 ай бұрын 656 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Калифорниядағы Daylight компьютерлік компаниясы rLCD экраны бар әлемдегі алғашқы планшетті - Daylight планшетін жұртшылық назарына ұсынды. Айрықша технология LivePaper («шынайы қағаз») деп аталды. Бірегей құрылғы электронды оқу құралдарын E-lnk дисплейлерімен ауыстыруға немесе алмастыруға арналған. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. rLCD дисплей түрінің атауындағы «r» әріп таңбасы «шағылысқан» дегенді мағынаны білдіреді. Экран – «қағаз» экраны мен сұйық кристалды дисплей панелінің (экран) симбиозы, яғни, біріккен нұсқасы. Оның сия дисплейлерінен айырмашылығы сонда - rLCD кескінді сақтаудан зардап шекпейді және жарқын және тегіс болмақ. rLCD дисплейі біздің көзімізге қағаз парағы сияқты әсер етеді, өйткені, бұл экран жарық шашпайды. Сондай-ақ, rLCD 60 Гц жиілікте бейнені ойната алады, ал E-lnk статикалық кескіндер үшін қолайлырақ. Жаңа технология «сия» модулдеріне қарағанда біршама көп энергияны қажет етеді, есесіне заманауи технологиядағы әдеттегі IPS немесе OLED-ден азырақ тұтынады. rLCD-де PWM жоқ. Daylight планшеті 2024 жылдың мамыр айында шығарылады. Оған қазірдің өзінде 799 долларға алдын ала тапсырыс беруге болады. Ерекше дисплейден басқа планшет стилустық қолдауға, 8 ГБ жедел жадыға, Android 13 және 2,2 ГГц процессорына ие.

0 пікір
Мұрағат