«Кеңпейілді пайғамбар (с.а.у.)» атты бүкіл әлемдік фестиваль өтеді
«Кеңпейілді пайғамбар (с.а.у.)» атты бүкіл әлемдік фестиваль өтеді
10 жыл бұрын 4589

Мамыр айының 24-26-сы күндері аралығында Иран астанасында «Исламның кеңпейілді пайғамбары» деген атпен дүниежүзілік алғашқы фестиваль өтеді. Мақсат – өнер мен мәдени шаралар арқылы әлем жұртшылығына Пайғамбарлар падишасының (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен асыл тұлғасын таныту.  Әрі соңғы жылдары, өкінішке қарай, батыс елдерінде Ардақты елшіге (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) карикатура, фильм, кітаптар арқылы тіл тигізу, жала жабу, мазаққа айналдыру, қаралау, атына кір келтіру секілді жағымсыз, әрі келеңсіз оқиғалар көбейіп кетті. Аталмыш акцияны ұйымдастырушылар осыны да ескеріп отыр.

Фестивальге қатысқысы келетіндерге екі әлем сардары (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) турасында қысқа метражды көркем фильм, қысқа метражды деректі фильм, анимациялық фильм, сценариймен қатар Ақиық елшінің (Алланың сәлемі мен  игілігі болсын) өнегелі өмір жолы мен сауалдарға жауап түрінде ағылшын тілінде жазылған кітаптар ұсынылады деп күтілуде.

Осы уақытқа дейін байқауға Иранның өзінен және әлемнің 12 елінен Адамзаттың асыл тәжі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жайында 898 туынды келіп түскен.

1 пікір
  • Rafidy şiğalarında ne paygambar suispenşiligi ne islam dinine janaşırlığı,paidası jok. Tarihka karasak tek musılmandarmen sogıskan. Kazırgi tandagı jasap jurgen Kuran jarıstarı jane t.b. Köz boyauşilik.
    10 жыл бұрын
Мұрағат