|
Қажылық министрлігі қажылармен тікелей байланыс жасайды
|
Қажылық министрлігінің қасиетті Мәдина қаласындағы бөлімшесі Twitter және Facebook секілді әлеуметтік желілердің бірнеше сайтында электрондық байланыс қызметін жолға қойды. Қажыларға сапалы қызмет көрсету үшін электронды байланыс қызметі тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Осы қызмет арқылы қажылар арыз-шағымдары мен талап-тілектерін білдіре алады.
Нұрлы Мәдина шаһарындағы аталмыш министрліктің өкілі Мұхаммед әл-Бейжәби мұның бәрі қажыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында қолға алынып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, қажылар келген сәттен бастап, кеткенше осы қызметтің көмегіне жүгіне алады. Сондай-ақ, ол қажыларға сапалы қызмет көрсету үшін қолға алынған жобалардың алды-арты осымен шектеліп қалмайтынын тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті