Кениялық мұсылмандар түймедейді түйедей ететін бақ-қа шағымданып отыр
Кениялық мұсылмандар түймедейді түйедей ететін бақ-қа шағымданып отыр
10 жыл бұрын 3166

Кениялық мұсылмандар бұқаралық ақпарат құралдарынан арашалауды сұрап отыр. Олардың айтуынша, мұсылмандарға қатысты ақпараттарды бұрмалап, кәсібиліктен жұрдай журналистиканың кесірінен көресіні көріп отыр. Яғни, осы елдегі тілшілердің мұсылмандарды жеккөрінішті ететін жаңсақ ұғымдарға толы материалдары былайғы жұртты исламофобиялық әрекеттерге итермелеп отыр. «Наным-сенімі өзгелер қылмыс жасаса, олардың әрекеттері мен сенімдері арасында қандай да бір байланысты көрмейміз. Жуырда шіркеу насихатшысы бомбаны қалай дайындау керектігі жазылған нұсқаумен қолға түсті. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдары оны христиан террорисі деп атамады. Мұны қалай түсінуге болады? Бұған тосқауыл қою қажет?», - деді Кенияның жоғары оқу орнында сабақ беретін шейх Абдалла Хаир.

 

0 пікір
Мұрағат