28 жастағы әйел босанғаннан кейін қартайып кетті (фото)
28 жастағы әйел босанғаннан кейін қартайып кетті (фото)
9 жыл бұрын 5051

Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты. Қытайдағы Хынан қаласының тұрғыны Ху Джуанның жасы небәрі 28-де, алайда ол қазір 70 жастағы кемпір тәріздес. Жас әйелдің өмірі босанғаннан кейін күрт өзгеріске ұшырады.

Ху жыл сайын емес, сағат сайын қартая бастады. Бірнеше айдан кейін ол адам танымастай болып өзгеріп кеткен. Анықтай келе, ол сирек кездесетін дерматолиз деген ауруға шалдыққаны белгілі болды.

Бұл жағдайда адам терісінің дәнекерлегіш тіндері бұзылады. Сондықтан да тері солып, қартаю процесі жүреді. Ху баласын 2003 жылы дүниеге әкелген, енді содан бері әйел сыртқа шығудан қалды.

Ол екінші баланы дүниеге әкелсе, тері қалпына келер деп ойлаған. Алайда қартаю процесі тоқтар емес.

Енді Ху күйеуінің кеңесімен бетіне пластикалық операция жасатуға бел буды, деп жазады шетелдік БАҚ.

0 пікір
Мұрағат