|
Катарда алғашқы ақылды мешіт ашылады (фото-видео)
|
Катардың қайырырымдылық және ислам істері министрлігі (Awqaf) елдегі алғашқы ақылды ғибадат ғимаратын - Мұайтер ауданында Қайыс бен Сағат бин Убәд мешітін ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Тhe Іslamic Іnformation ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мешіт желдету және жарық үшін күн энергиясымен, электр энергиясымен және суды пайдалануға үнемдеуге мүмкіндік беретін ақылды жүйелермен жабдықталған. Жамағат дәрет алған су әжетханалар мен мешіт бағын суару үшін өңдеуден өтеді, ал министрлік бүкіл Катар аумағы бойынша ақылды мешіттерді алдағы уақытта көбірек салуды жоспарлап отыр. Қайырымдылық және ислам істері министрлігіндегі дағуат және мешіт істері жөніндегі министрдің орынбасарының көмекшісі Мұхаммед бин Хамадәл Кубари жобаның Awqaf пен жеке компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың арқасында пайда болғанын айта келе мұндай бастама мешіт құрылысына ақылды жүйелер мен заманауи технологияларды енгізуге көмектескенін мәлімдеді. Мешіт министрліктің 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық мақсаттарымен байланысты, соның ішінде мешіт инфрақұрылымын жаңғыртуды, діни қызметтердің сапасын арттыруды және құлшылық үйлері мен коммуналдық қызметтерді басқаруда осы заманғы озық технологияларды пайдалануды қамтиды.

