Бүкіл әлем бойынша халал сертификатының бірыңғай стандартын қабылдау қажеттілігі туындап келеді
Бүкіл әлем бойынша халал сертификатының бірыңғай стандартын қабылдау қажеттілігі туындап келеді
1 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Kepala Badan Penyelenggara Jaminan Produk Halal (BPJPH) Ahmad Haikal Hasan (kanan) dalam konferensi pers seusai pembukaan D-8 Halal Expo Indonesia (HEI) 2026 di Jakarta, Rabu (8/7/2026). (ANTARA/Nabil Ihsan)

Халал бүгінде тазалық пен сапаның, қауіпсіздіктің символына айналған. Бұл жайында islam.kz порталы Аntara News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезияның халал азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі агенттік жетекшісі Ахмет Хайкал Хасан исі мұсылманды жаһандық деңгейде тауарлар мен қызметтердің шариғат талаптарына сай екендігіне кепілдік беретін бірыңғай халал стандартын қабылдауға шақырды әрі мұсылмандар саны бойынша көш бастаған Индоензияның бұл бастамаға толық қосылатынын мәлімдеді. Оңтүстік-шығыс Азиая аймағындағы осынау мұсылман елінің астанасында (Жакарта қаласы) өткен Halal Expo Indonesia (HEI) 2026 D-8 алқалы жиынында. Ол халал индустриясының  ISO стандарттарына ұқсас бірыңғай стандарты болуы тиіс, деп есептейді. Бүгінгі күні халал мәртебесі діни контекс аясынан шығып, өнім сапасын көрсететін экономикалық функциясы бар индекске айналып келеді. Бұдан өзге, ол халал өнімдерінің бірыңғай стандарты мұсылман елдерінің халал индустриясының ірі драйверлеріне айналдыратынын атап өтті. Өйткені, қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі халал өнімдерін өндірушілер бұрынғысынша Қытай, Бразилия және Құрама Штаттарда басым болып отыр.

0 пікір
Мұрағат