|
Жүмейра мешіті туризм саласындағы жүлдеге ие болды
|
Дубай шаһарының ажарын ашып, сәнін асырып тұрған Жүмейра мешіті туристер ең көп баратын, қызыға тамашалайтын орындардың бірі ретінде туризм саласындағы жүлдеге ие болды. Нақтырақ айтқанда, жуырда TripAdvisor сайты шейх Мұхаммед мәдени орталығы әзірлеген экскурсиялық мешіт бағдарламасының арнайы сертификатын табыс етті. Мәліметке қарағанда, соңғы он бес жылдың ішінде Жүмейра мешітін 400 мың турист тамашалаған екен. Адам аяғы үзілмейтін мұсылмандардың осынау құлшылық үйіне қатысты жүргізілген сауалнама нәтижесінен белгілі болғандай, туристер «Ашық есік. Ашық сана» деп аталатын экскурсиялық бағдарламаны жоғары бағалаған. Жүмейра мешітінде жұмадан өзге күндері экскурсия ұйымдастырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды