|
Жерорта теңізінде суға кетіп өлген босқындар қайда жерленген?
|
Соңғы екі жыл ішінде соғыс аймағынан бас сауғалап, Жерорта теңізі арқылы Еуропаға бет алған, алайда, кәрі құрлыққа жетпей суға кетіп өлген босқындар саны 1250-ге жуықтаған. Олардың мүрделері басына белгі қойылмай жер қойнына тапсырылған. Мұндай босқындар жерленген атаусыз мазарлар Грекияның Түркияның және Италияның аумақтарында кездеседі. Ресми мәліметке қарағанда, 2015 жылдың бас кезінен бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 704 мыңнан аса мигрант келген. 3,2 мыңнан аса босқын аталған теңізде суға кетіп өлген. Олардың дені кеменің нашарлығынан және кемеге шамадан тыс тиеліп алып, сол себепті, кеменің артық салмаққа шыдас бермей суға батуынан өлген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті
■
Солтүстік Корея “студенттік визаны” желеу етіп, жыл сайын еңбек мигранттары арқылы 800 млн долларға дейін пайда тауып отыр
■
Азиядағы ең үлкен шөл даладан жерасты суының мол қоры табылды
■
«Мен намаз оқығым келеді»: емханада қарт пациент медицина қызметкеріне имам болды