Қазақстанда 80 адам муковисцидоз дертіне шалдыққан
Қазақстанда 80 адам муковисцидоз дертіне шалдыққан
8 жыл бұрын 3665 khabar.kz

Муковисцидоз – емделмейтін генетикалық аурулардың бірі. Басқаша атауы – сарысулы ісік фиброзы. Ауру алдымен өкпе мен ас қорыту жүйесін зақымдайды.  Дұрыс ем қабылдаған жағдайда, дертке шалдыққан балалар дәрінің көмегімен өмір сүре алады. Бірақ бір рет ем алу құны 100 мың теңгеден асып жығылады. Белсенділердің табанды талабының арқасында осыдан 5 жыл бұрын 3 дәрі тегін көрсетілетін медициналық көмек тізіміне кірді.  Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 80 адам осы дертке дауа іздеп жүр.   «Диагнозды дер уақытында қою өте маңызды. Ол арқылы науқас өмірін ұзартуға болады. Еуропада мұндай науқастар орташа 60-70 жас жасайды. Ал біздегі статистика 20 жасты көрсетіп тұр. Сондықтан біздің балаларымыз тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі үшін күресіп жүрміз», – дейді «Муковисцидозбен ауыратын мүгедек балалар» қауымдастығының директоры Ольга Александрова. 

0 пікір
Мұрағат