Әлемдегі ең шапшаң өсетін супер өнімді дақыл азық-түлік тапшылығынан құтқаруы мүмкін
Әлемдегі ең шапшаң өсетін супер өнімді дақыл азық-түлік тапшылығынан құтқаруы мүмкін
3 жыл бұрын 3000 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қоршаған ортаның хал-ахуалына қарай, мәселен, климат өзгерісіне табиғи жолмен бейімделе алатын жабайы табиғатқа қарағанда адам ғұмыры қысқа. Жабайы табиғаттың миллиондаған жылға созылатын эволюциялық процесінің нәтижесін күте алмайтындықтан адамға дайын генетикалық материалдарды пайдаланған әлдеқайда тиімді. Бұл жайында islam.kz порталы Salk Institute ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта болашақтағы ауыл шаруашылығы үшін генетикалық кодтың келешегі зор донорларының бірінен саналатын батпақта өсетін вольфия адаимзатты азық-түлік тапшылығынан құтқаруы мүмкін. Вольфия деп аталатын осынау бір жынысты, тамыры мен жапырағы және шешегі жоқ өсімдік әлемнің барлық аймағында кездеседі, яғни, тұшшы суда өседі, көптеген тіршілік иесінің қорегі. Вольфия бүршіктену арқылы көбейеді әрі бір тәулік ішінде өз массасын (салмағын) екі есеге арттыра алады. Барынша жылдам өсетін аталған өсімдік ғалымдардың назарын өзіне аударып отыр. Калифорниядағы Салка университетінің ғалымдары бұл өсімдіктің құпиясын ашыпты. Олар аталған өсімдікті жарық күннің ұзақтығын өзгерте отырып, жасанды жолмен алмастырылған жағдайда өсіріп көреді. Өсімдіктердің дені фотосинтез (фотосинтез анықтамасын мына материалдан біле аласыздар: «Жартылай өсімдікке айналатын жануар» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/jartylai-osimdikke-ainalatyn-januar-video-12627/#gsc.tab=0) процесіне сезімтал келеді, яғни, жарықтың мөлшеріне қарай өсіп-өнеді.Ал вольфия жарықтың бар-жоғына қарамайды, яғни, қараңғыда да өсуіне шектеу жоқ,  яғни, жарыққа реакция танытатын геннен ада. Тамыр жіберіп, топыраққа бекитін, тозаңдандырушы жәндіктерді тартатын хош иіс шығаратын жапырақ жаятын, былайша айтқанда, өзге өсімдіктерге тән атрибуттарға жауапты геннен жұрдай. Эволюция барысында артық-ауыс нәрселерден арылған, тек өсіп-өніп, массасын арттыратыны болмаса. Ғалымдар аталған өсімдіктің генін түсімі мол астықты өсімдіктерге енгізгенімен одан нәтиже шықпайды, алайда, бұл өсімдіктің құпиясын ашу, жұмбағын шешу әлемді азық-түлік тапшылығынан құтқаруы мүмкін жаңалықтарға жол ашуы әбден мүмкін.

Ряска

Ұқсас материалдар:

«Бидайдан гөрі жаһандық жылынуға төтеп беретін астықты өсімдік» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bidaidan-gori-jahandyq-jylynuga-totep-beretin-astyqty-osimdik-14713/#gsc.tab=0);

«Құрғақшылыққа төзімді ету үшін өсімдіктердің метаболизмін өзгертпек» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qurgaqshylyqqa-tozimdi-etu-ushin-osimdikterdin-metabolizmin-ozgertpek-14307/#gsc.tab=0);

«Тозаңдатушы жәндіктің азаюынан кофе өндірісіне қауіп төніп тұр»

0 пікір
Мұрағат