|
Жапония шетелге жылыстатқан премиум егін көшеттерін қорғайтын жаңа орган ашады
|
Жапон билігі тамыз айынан қалдырмай брендке айналған өсімдіктер мен жеміс-жидектің шеиелге жылыстауына тосқауыл қоятын өсімдік сорттарын басқару құқығы берілетін жаңа ұйым құрады. Бұл жайында islam.kz порталы Kyodo News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйым өз кезегінде құзыретіне қарай шетелде рұқсатсыз өсірілген жапондық өсімдік түрлерін қадағалаумен әрі сотта қорғаумен айналысады. Күншығыс елінің ауыл шаруашылығы министрлігі өткен жылы жапондық ауыл шаруашылығының шамамен 50 сорты, соның ішінде Beni Princess деп аталатын аса құнды цитрус сортының Оңтүстік Корея мен Қытай аймағында жапон тарапынан рұқсатсыз өсірілгенін анықтады. Осыны ескерген ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық аулау министрлігі парламенттік сессия барысында өсімдік сорттары мен тұқымдарды қорғау туралы заңды қайта қарауды жоспарлап отыр. Зияткерлік меншікпен және ауыл шаруашылығы дақылдарымен таныс сарапшылардан тұратын жаңа орган жаңа нұсқаларды әзірлеген жергілікті билік органдарының және жекелеген адамдардың міндетін жеңілдетеді. Соның ішінде шетелде олардың тілдік кедергілер мен заңгерлік білімдері шектеулі болғандықтан сотқа жүгінуде қиындықтарға тап болып жатады. Бұл мемлекеттік ұйым, сонымен бірге, шетелде жапондыұ көшеттерді пайдалану кезінде тиісті рұқсат алуды талап ете алады. Лицензиялық алымдар жаңа сорттарды дамытуға инвестицияланатын болады. Бұдан бөлек, Жапонияда тұқым және көшет өсіретін кәсіпорындардың аудиті сияқты шараларды қарастырады. Жапония өсімдіктердің сорттарына қатымты құқықты қорғайтын мұндай ұйымдар Еуропада бұрыннан бар. Францияда 300-ден астам компания мен мемлекеттік ұйымдардың атынан құқықтарды басқаратын арнайы ұйым бар, ал осыған ұқсас ұйымдар Испания мен Нидерландыда жұмыс істейді. Жапония Қытай мен Оңтүстік Корея сияқты елдерде рұқсатсыз өсірілген және сатылған Shine Muscat жүзімін қоса алғанда, көптеген премиум дақылдардың жылыстауына тап болған ел. Таяуда Жапонияның ауыл шаруашылығы министрлігі күншығыс елінің брендіне айналған «жапон шайын» қоса алғанда шетелде жапон өнімдерінің имитациялануына, яғни, жапон брендтерінің атын жамылған жалған өнімдердің таралуына байланысты ауыл шаруашылығы және балық өнімдерінің брендтерін қорғауға бағытталған географиялық көрсеткіштерді қорғау жүйесі шеңберінде бірнеше өнімді үкіметтің деректер базасында ресми тіркегенін хабарлады. Тіркелгеннен кейін өнімдер GI таңбасымен сатылуы мүмкін, ал үкімет жалған таңбалармен және басқа да заң бұзу әрекеттерімен қатаң күреседі.