Ғұмыр ұзақтығы да экономикалық проблемаға айналады
Ғұмыр ұзақтығы да экономикалық проблемаға айналады
1 сағат бұрын 45 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Issei Kato / Reuters

Бүгінгі таңда Еуропа одағындағы халық саны шырқау шегіне жетіп, бұдан былай кему процесіне аяқ басады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Еуропалық комиссия мүшесі Дубравка Шуйца мәлімдемесінде жөн сілтеген Ленту. Ру ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ЕО аумағында 450,6 млн адам өмір сүріп жатыр. Ал 2050 жылға ьтаман бұл көрсеткіш 445 млн адамға кемиді. 2100 жылы 398,8 млн-ға төмендейді. Мұндай демографиялық өзгеріс өз кезегінде Еуропа экономикасына ауыр соққы болып тиеді. Ең алдымен жұмысшы күші жетіспейтін болады. Екіншіден, мемлекеттік бюдтжетке түсетін салмақ артады: денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік төлемдер шығын артады. Өйткені, 2050 жылға қарай ЕО-дағы әрбір үшінші азаматтың жасы 65-тен жоғары болады (қазіргі уақытта әрбір бесінші адам – 65 жастан асқандар құрайды). Ал 2100 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдер арасында 90 жасты құраса, ерлер үшін – 86 жас. Қарттарды күту, оларға төленетін әлеуметтік төлемдер артады. Осы орайда экономикасы дамыған Жапониядағы еңбекке жарамды жастағылар қарасы жұмысшы күші мол 1995 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 16 пайызға құлдырап кеткен. Бүгінде жапон компанияларының үштен екісі жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен зардап шегіп отыр. Tokyo Shoko Research дерек көзінің келтірген мәліметіне қарағанда, осы жылдың алғашқы жарты жылдығында рекордтық деңгейге жеткен банкроттықтыққа ең алдымен жұмысшы күшінің жетіспеушілігі себеп болған. Мамандар үшін бәсекеге артып келеді. Күншығыс елдерінің клмпаниясы жұмысшылар мен қызметкерлерге қойылатын талаптарды жаппай жұмсартып жатыр: соның ішінде жұмыс орнында шашын немесе тырнағын бояп келуге, кіндікке сақина тағып келу (пирсинг) сияқты әрекеттерге салынған тыйымдардың күшін жойып жатыр. Арнайы кәсіби киім формасымен келу де міндетті емес.

0 пікір
Мұрағат