|
Араб елі қоршаған ортаның микропластикпен ластануына қарсы күрестің ерекше әдісін таңдады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінде пластик құтылардың қақпақтарын алынбайтындай етіп өндіруді міндеттейтін ереже қабылданды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Sustainability ғылыми мерзімді басылымына жөн сілтеген The National News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бір қарағанда, елеусз көрінетін мұндай шара қоршаған ортаның микропластикамен ластануын айтарлықтай азайтуы мүмкін. Бұл тараптағы зерттеу авторлары Біріккен Араб Әмірліктерінің климаттық жағдайларында жоғары температура мен өткір күн сәулесінің әсерінен пластикалық қақпақтар бір жазғы маусымнан кейін ұсақталып, уақыт өте келе ұсақ бөлшектерге бөлініп, қоршаған ортадан алып тастау іс жүзінде мүмкін емес микропластикаға айналатынын анықтады. Бұл бағыттағы қоршаған ортаны қорғаудағы маңызы зор зерттеу жұмыстары әл Айн қаласында жүргізілген: ғалымдар жол бойында шашылып жатқан пластикалық қақпақтардың едәуір мөлшерін жинады.. Олардың есебі бойынша неғұрлым ластанған аудандарда әрбір 12,5-33 шаршы метрге бір лақтырылған қақпақтан келеді. Бұл ретте пластикалық шөлмектердің өздері қақпаққа қарағанда едәуір сирек кездеседі. Жұмыс авторлары Біріккен Араб Әмірліктерінде бір реттік пластика туралы ЕО директивасына ұқсас талаптарды енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. 2024 жылдың шілде айынан бастап Еуроодақ елдерінде өндірушілер қақпақтары бекітілген пластикалық бөтелкелерді шығаруға міндетті. Бұл шара Еуропа жағалауларындағы пластикалық қоқыс көлемін шамамен 40% -ға қысқартуға мүмкіндік берген.