Жапония кит аулауды қайтадан бастады
Жапония кит аулауды қайтадан бастады
8 жыл бұрын 3883 24.kz Дайындаған: Г.Абилова

Жапондар кит аулауға қайта шықты. Олар БҰҰ-ның халықаралық соты шығарған шешім мен табиғатты қорғаушы белсенділердің қарсылығына қарамастан, 8 тоннаға дейін жүк көтеретін кемеге мініп, Антарктиканы бетке алды, деп хабарлайды epochtimes.ru. Жапония үкіметі бұл әрекетін үш ай ішінде 333 жолақты китті аулайтынымен ақтауға тырысуда. Ал осыған дейін олар киттерді оңды-солды аулап келіп, дүние жүзі бойынша табиғат жанашырларының наразылығына тап болды. Сол себепті өткен жылғы наурызда БҰҰ соты Жапонияның киттерді аулауын уақытша тоқтатты. Сол кезде жапондардың киттерді ғылыми емес, тек коммерциялық мақсатта аулайтынын айтқан Австралияның айғақтарын сот қолдаған болатын. Бірақ, таяуда Жапонияның балық аулау шаруашылығы жылына 333 кит ауланса, бұдан табиғатқа зиян келе қоймайтынын алға тартып, аңшылыққа қайта аттанатынын мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат