|
Жапон компаниясының өсімдіктен әзірленген сорпасы халал, вегетарлық өнімдерге сұранысты қанағаттандыруға көмектеседі
|
Күншығыс елінің батысында орын тепкен, 1950-ші жылы ашылған, Осако префектурасына қарасты Идзумисано қаласындағы зауытқа иелік ететін Fuji Oil Co компаниясы таяуда нарыққа «MIRA-Dashi» деп аталатын бірегей өнімін шығарды. Мұсылман саяхатшылары тарапынан халал және веган тағамдарына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін тауық және теңіз өнімдерінің дәмі бар, өсімдік майы мен соя қоспасынан әзірленген өсімдік сорпасы, сондай-ақ, әлемге әйгілі Ippudo рамен мейрамханалар желісінде де пайдаланылады. Шариғат талаптарына сай келетін диеталық нормалар негізіндегі тағам өнімдері мен қызметтерді сертификаттайтын жапон халал қауымдастығының дерегі бойынша елдегі компаниялар ет пен балықтың дәмін қайталайтын өсімдік сорпасын шығаруға көшкен. Fuji Oil өз өнімін Токионың туристік аудандарындағы мейрамханалар мен қонақ үйлерге сатады. Жапон халал қауымдастығының мәліметінше, мұсылмандарға қызмет көрсететін мейрамханалар Токио мегаполисінде, Осакада және мұсылман жамағы бар кейбір аудандарда шоғырланған.