Қытай ғалымдарының ғылыми еңбегін шетелде жариялауға тыйым салуы мүмкін
Қытай ғалымдарының ғылыми еңбегін шетелде жариялауға тыйым салуы мүмкін
18 сағат бұрын 182 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай билігі ұлт қауіпсіздігінде маңызды орын алатын технологиялық деректерді қамтитын мақалаларды, сондай-ақ, мемлекет мүддесіне қажетті ғылыми жетістіктерді шетелдік басылымдарда жариялауға тыйым салуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы уақытқа дейін және әлемнің көптеген еліндегі ғалымдар өзін мойындату үшін шетелдік беделді, ғылыми басылымдарда еңбегін жариялап келеді. Бұл тәжірибе өз кезегінде қандай да бір ел ғалымдарының ғылыми жаңалығын өзгелердің пайдаланып кету қатерін арттырады. Осыны ескерген Қытай билігі ғылыми мансапты бағалаудың басқа жүйелерін қарастыруы ықтимал. Соның ішінде отандық ғылыми мерзімді басылымындарда ғана жариялаауға рұқсат етуі мүмкін. Ашылған немесе маңызды жаңалықтарды. Бұдан бөлек, ғалымдардың біліктілігін ұлттық аккредитациялау жүйесімен бағалау шарасын енгізуі мүмкін. 2024 жылы қытай авторлары Science Citation Index (SCI) базасында әлемдік жарияланымдардың үштен бір бөлігін қамтамасыз еткен. Салыстыру үшін алсақ: жиырма жыл бұрын бөл көрсеткіш немесе үлесі 5% шамасында болатын. Соңғы он жылдағы жарияланымдар Қытайдың ауқымды ғылыми экспансиясын көрсетеді. Маусым айында Қытай халық республикасының мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі шетелдегі жарияланымдар, конференцияларға қатысу және бірлескен зерттеулер алдын ала тексеріліп, бекітілуге тиіс екенін еске салды. 

0 пікір
Мұрағат