Жасанды зерденің адам психикасына білдіртпей әсер ететін тетіктері айтылды
Жасанды зерденің адам психикасына білдіртпей әсер ететін тетіктері айтылды
12 сағат бұрын 97 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Таяудағы зерттеу нәтижесі чат-боттармен сұхбаттасудың салдары болатынын көрсетіп берді. Бұл жайында islam.kz порталы Nature (Digital Psychiatry and Neuroscience бөліміне) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жасанды зерде негізіндегі чат-боттармен ұзақ уақыт бойы байланыс орнатудың арты жақсылыққа апармайтынын ескертіп отыр. Дәлірегі, мұндай жүйелердің кей жағдайларда пайдаланушының шынайы өмірді бағалауына кедергі келтіретін үш тетігі барын алға тартып отыр. Осы күнгі АІ-моделдер жұмысының кейбір тетіктері адамның виртуалды сұхбаттасушыға деген ерекше сенімін қалыптастыра алады. Негізгі факторлардың бірі ретінде ғалымдар чат-боттардың пайдаланушының қарым-қатынас стиліне бейімделу қабілетін атады. Жасанды зерде сұхбаттасушының сөйлеу стилін, тіл қату ерекшелігін, яғни, дауыс ырғағы мен мәнерін, т.б. көшіреді, ал бұл өз кезегінде өзара терең түсіністік әсерін тудырады. Зерттеушілер екінші ерекшелікті “гиперперсонализация” деп санайды. Пайдаланушы туралы ақпарат жинақталған сайын алгоритмдер оның неге қызығатынын, көзқарастарына қатысты берілетін жауаптардың дәлдігін арттырады, осының салдарынан адамның AI-ны кәдімгі компьютерлік бағдарлама ретінде қабылдауы қиындайды. Кейбір үлгілердің сұхбаттасушының пікірімен келісуге бейім тұратындығы да мамандардың ең үлкен алаңдаушылығын туғызады. Бұл тараптағы зерттеу авторларының пікірінше, пайдаланушының идеяларын шамадан тыс растау қателік жіберу қатерін арттырады және ақпараттарға сын көзбен қарауды қиындатады. Ғалымдардың айтуынша, мұндай ерекшеліктер бәріне бірдей қауіп төндірмейді. Психикасында ауытқу бар, ұйқысы жиі қанбайтын, әлеуметтен оқшауланған жандар АІ үлгілерінің ықпалынан шыға алмай қалуы мүмкін. Былайша айтқанда, тәуелді болып қалу ықтималдылығы жоғары.

0 пікір
Мұрағат