Жаһандық жылынуға кінәлі елдер аталды
Жаһандық жылынуға кінәлі елдер аталды
3 жыл бұрын 1939 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда Қытай, АҚШ және Үндістан атмосфераны парникті газбен ластаудан көш бастап тұр. Алайда, жаһандық жылынуға, дәлірегі, климат өзгерісін тудырған факторлар бойынша он ел аталып отыр. Қытай мен Үндістан кейін қосылғанымен атмосфераны ластаушы мемлекетер қатарына, бүгінде ең белсенді ластаушы елдер арасында көш бастап тұр. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Carbon Brief деп аталатын, Еуропалық климат қорының қолдауымен жұмыс істейтін ұйым жүргізген талдау нәтижесі бойынша 1850-2021 жвлдар аралығында ауаны көмірқышқыл газымен ластаушы елдер анықталды. Өнеркәсіптік революцияның (индустриялық кезеңнің басталған кезінен бері) бас кезінен атмосфераға бөлінген көмірқышқыл газынан ауа температурасы Цельсия бойынша 1,2 °C-қа көтерілген. 1850-ші жылдардан бері. Яғни, аталған мерзімнен бері атмосфераға шамамен 2,5 трлн тонна көмір қышқыл газы бөлінген. Юұл тарапта үш ел көш бастап тұр: АҚШ - 509 млрд тонна көміртек диоксиді (20 %-дан асып кетеді); екінші орында Қытай тұр - 284 млрд тонна немесе 11 %; үшінші орыннан Ресей көрінген - 172 млрд тонна немесе 7 %. Төртінші орынға Бразилия (113 млрд тонн, 5 %) жайғасқан, ал алтыншы орынға  Индонезия (103 млрд тонн, 4 %) табан тіреген. 

  • АҚШ
  • Қытай
  • Ресей
  • Бразилия
  • Индонезия
  • Германия
  • Үндістан
  • Ұлыбритания
  • Жапония
  • Канада

 

0 пікір
Мұрағат