Қызықты зерттеу: жалғызілік адамдарға қарағанда ерлі-зайыптылар табысты
Қызықты зерттеу: жалғызілік адамдарға қарағанда ерлі-зайыптылар табысты
3 жыл бұрын 1561 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жалғызілік, яғни, отбасын құрмаған адамдарға қарағанда ерлі-зайыптылардың немесе жұбы бар адамдардың табысы жоғары болып шыққан. Бұл әлеуметтік тенденцияға Pew зерттеу орталығы АҚШ-тағы халық санағының мәліметтерін саралай келе көз жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш ұйымның бұл бағыттағы есебінде айтылғандай, «Серігі жоқ ересектердің серігі бар ересектерге қарағанда орташа жалақысы төмен және жұмысқа орналасу ықтималдығы аз немесе экономикалық тұрғыдан тәуелсіз». Бұл тараптағы сараптама қорытындысы көрсеткендей, жалғызілікті америкалықтардың білім де төмен болып шыққан, олардың көбісінің өз баспанасы да жоқ, ата-анасымен бірге тұрады. 2019 жылы 25-54 жас аралығындағы америкалықтардың 40 пайызының серігі болмаған. Ал бұл көрсеткіш 1990 жылғы көрсеткішке қарағанда 29 пайызға жоғары. Яғни, жалғызілікті адамдар қарасы жылдан жылға артып келе жатқанын көрсеткен. 2019 жылы жалғыз өмір сүретін америкалық ерлердің орташа табысы 35,6 мың доллар болса, бұл көрсеткіш серігі бар америкалық ерлерде 57 мың долларды құраған. Ал америкалық әйелдерге келсек, серігі бар – 40 мың доллар; серігі жоқтар – 32 мың доллар. 2019 жылы жалғызілікті өмір сүретін америкалық ерлердің тек 73 пайызының ғана тұрақты жұмысы болған. Ал серігі бар ерлердің 91 пайызының тұрақты жұмысы болған. Керісінше жалғызілікті америкалық әйелдер серігі бар әйелдерге қарағанда жұмыспен қамтылуы жоғары болған: жалғызілікті әйелдердің 77 пайызының тұрақты жұмысы болған, ал серігі бар әйелдерде бұл көрсеткіш 74 пайызынды құраған. Мұны отбасында баланың пайда болуымен түсіндіруге болады.

0 пікір
Мұрағат