|
Израилдіктердің қолынан қаза тапқан палестиналық балалар жайындағы дерек жарияланды
|
2006 жылы Газа секторында израилдік сарбаздардың қолынан 1097 бала көктей солып, опат болған. Тағы мыңнан аса бала өмір бойы жарымжан болып қалды. Бұл мәліметті балалар құқығын қорғау жөніндегі жетекші халықаралық үкіметтік емес «Халықаралық балаларды қорғау – Палестина» (DCIP) ұйымы келтірді. Ал, өткен жылғы «Мызғымайтын жартас» деп аталатын Израилдің әскери операциясы кезінде 535 палестиналық бала қаза тапқан екен. Олардың дені 12 жасқа толмаған балалар. Осындай фактіні Израилдің әскери қылмысына айғақ ретінде келтірген аталмыш ұйым кінәлілерді жауапкершілікке тартып, жазалауды талап етіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді