Қытай байлары америкалық дәулеттілерді басып озады
Қытай байлары америкалық дәулеттілерді басып озады
9 жыл бұрын 4230

2020 жылы қытай байлары америкалық дәулеттілерді басып озады. Яғни, дәулеті еселеп артып, америкалық әріптестерін орта жолды қалдыратын болады. Бұл жайында South China Morning Post ақпарат көзі әлемнің 32 еліндегі қаржысы 100 мың доллардан екі млн долларға жететін дәулетті азаматтардың қаржылық жағдайын екшеп отыратын Economist Intelligence Unit есебіндегі дерекке сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Өткен жылы, яғни, 2014 жылы миллионерлердің көптігімен аты шыққаан америкалықтар әлемдік рейтингтің басында тұрды. Олардың жалпы байлығы 23 трлн долларды құраған болатын. Ал, екінші орында қытай байлары – 19,5 трлн доллар. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, олар бұл рейтингте америкалық әріптестерін ығыстырып, алдыңғы орынға шығады. 2020 жылға қарай олардың жалпы байлығы 53 трлн долларға жетеді. Ал, америкалықтардың дәулеті бұл аралықта 27 трлн долларды құрайтын болады. Standard & Poor’s келтірген дерекке қарағанда, биыл Қытайдың жалпы ішкі өнімі 6,9%,-ға, ал келесі жылы 6,6%-ға артады екен. Бес жылдан кейін орташа дәулетті америкалықтар 491000 қаржыға ие болады, ал қытайларда бұл көрсеткіш 319000 долларды құрайтын болады.

0 пікір
Мұрағат