Ірі қараның бөртпе-бөгуіне салық салынады
Ірі қараның бөртпе-бөгуіне салық салынады
2 жыл бұрын 1117 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жаңа Зеландияда елдегі атмосфераға бөлінетін парникті газдың, дәлірегі, метан газының негізгі көздерінің біріне айналған ірі қара мен қойдың "кекіруіне" (бөртпе-бөгуіне) салық салынады. Бұл салықтан түскен қаражатқа ауыл шаруашылығындағы парникті газ эмиссиясын төмендетудің жолдары іздестіріледі. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ірі қараның ас қорыту кезінде қалыптасатын парникті газ қоршаған ортаны ластаушы көздердің бірі – әрбір ірі қара жыл сайын атмосфераға 400-500 литр метан бөледі. Метан атмосферада көмірқышқыл газына қарағанда азырақ уақыт болғанымен жылуды 30 пайыз тиімді ұстайтындығымен қауіпті. Жаһандық жылынуға себеп болып отырған парникті газдың мөлшерін азайту үшін мал шаруашылығы өркендеген елдер осындай нақты шаралар қабылдауға мәжбүр. Жаңа Зеландияда 5 млн адам тұрады. Алайда, сиырдың саны ел тұрғындарының санына шаққанда екі есе, ал қойдың саны бес есе көп. Аталған елдегі мал шаруашылығы атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтардың жартысын бөледі. Қазіргі уақытта Жаңа Зеландия бұл тараптағы салық кестесін әзірлеу үстінде. Бұл салық саясаты өз кезегінде шаруа қожалықтарын, яғни, фермерлерді қоршаған ортаға зияны кем арнайы мал жемін әзірлеуге ынталандыруы тиіс. Бұл салық түрі 2025 жылдан бастап енгізіледі. Осылайша аталған ел мал шаруашылығы саласында атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтары үшін салық енгізген алғашқы ел болмақ.

Ұқсас материалдар:

"Сиыр етін жасанды етпен ішінара алмастырудың өзі орманның оталуын екі есе қысқартады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/siyr-etin-jasandy-etpen-ishinara-almastyrudyn-ozi-ormannyn-otaluyn-eki-ese-qysqartady-16761/#gsc.tab=0);

"Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды" (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-jerdin-30-y-jaiylym-ushin-paidalanylady-barlyq-mal-basy-joiylsa-atmosferadagy-so2-y-68-ga-azayady-16362/#gsc.tab=0);

«Метанды залалсыздандыратын тұмылдырық жасалды. Бір сиыр бір күнде қанша метан бөледі» (https://islam.kz/kk/news/gylym/metandy-zalalsyzdandyratyn-tumyldyryq-jasaldy-bir-siyr-bir-kunde-qansha-metan-boledi-16739/#gsc.tab=0);

«Ірі қарадан атмосфераға бөлінетін метан мөлшерін азайтатын тағы бір тәсіл табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-atmosferaga-bolinetin-metan-molsherin-azaitatyn-tagy-bir-tasil-tabyldy-16389/#gsc.tab=0);

«Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/iri-qara-jemi-ushin-metannyn-bolinuin-azaitatyn-qospa-jasaldy-15253/#gsc.tab=0);

«Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-bolinetin-ziyandy-qaldyqtardy-azaitudyn-tasili-tabyldy-16209/#gsc.tab=0);

«Сиыр етінің жарнамасына тыйым салынуы тиіс»... (https://islam.kz/kk/news/alem/siyr-etinin-jarnamasyna-tyiym-salynuy-tiis-16368/#gsc.tab=0); 

«Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alem-boiynsha-jerdin-30-y-jaiylym-ushin-paidalanylady-barlyq-mal-basy-joiylsa-atmosferadagy-so2-y-68-ga-azayady-16362/#gsc.tab=0);

 «Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...» (https://islam.kz/kk/news/alem/siyrdyn-japa-tastagany-qadagalanady-13854/#gsc.tab=0);

"Еуропада мал шаруашылығынан бөлінген көмірқышқыл газы автокөліктен бөлінетін парникті газ мөлшерінен асып кеткен" (https://islam.kz/kk/news/alem/europada-mal-sharuashylygynan-bolingen-komirqyshqyl-gazy-avtokolikten-bolinetin-parnikti-gaz-molsherinen-asyp-ketken-14192/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат