Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды
Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды
2 жыл бұрын 3342 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Австралия ғалымдары сиыр жеміне қосып берсе, ірі қара жапасынан бөлінетін метанның мөлшерін азайтуға септігін тигізетін балдыр тапты. Бұл әдіс өз кезегінде жаһандық жылынуды 30%-ға азайтуға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы cbsnews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. North Atlantics Organics компаниясының өкілдері Asparagopsis балдырын сиырдың жеміне қоспа ретінде пайдалануды ұсынып отыр, жоғарыда айтылғандай, тек экологиялық жағынан пайдасын тигізіп қоймай, сонымен қатар, ірі қараның буаз болуына әсерін тигізеді әрі сиырдың сүтін молайтады. Бір емес, үш бірдей пайдасы бар болып шықты. Әлем бойынша атмосфераны ластаушы парникті газдың бірі – метанның үштен бірі осы ірі қаралардан бөлінеді. Ал ірі қараны теңіз балдырымен қоректендірсе, метанның бөліну деңгейін шамамен 30%-ға дейін кемітуге болады, бұдан бөлек, парникті газдың атмосфераға бөліну көрсеткішін 40%-ға азайта алады. Әдетте сиырлар кесек жемді қорыту үшін қосымша энергия шығындайды әрі күшенуіне тура келеді, осындай себеппен көмірқышқыл газынан 80 есе зиянды метан бөлінеді. Бір жыл ішінде бір ірі қара шағын автокөлек атмосфераға бөлетін мөлшеріндей парникті газ бөледі. Жалпы әлем бойынша атмосфераға бөлінетін парникті газдың 15%-ы ірі қараларға тиесілі. Теңізде өсетін қызыл балдыр бұл проблеманы біршама еңсеруге мүмкіндік береді, алайда, оны мұхиттан жинау көп шығында қажет етеді, осындай себепке байланысты ғалымдар оны қолдан өсіріп көрмек.

0 пікір
Мұрағат