Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды
Әлем бойынша жердің 30%-ы жайылым үшін пайдаланылады, барлық мал басы жойылса, атмосферадағы СO2-ы 68%-ға азаяды
2 жыл бұрын 2108 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

15 жылда әлемдегі барлық мал басын жойса, атмосферадағы парникті газдың мөлшері күрт кемиді. Бұл жайында islam.kz порталы journals.plos.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарына Стэнфорд университетінің биохимия профессоры Патрик Браун, Берклидегі Калифорния жоғарғы оқу орнының молекулярлы және жасушалы биология профессоры Майкл Эйзен, сондай-ақ, өсімдік негізінде ет өндіретін Impossible Foods Inc компаниясының бас директоры қатысқан. Ғалымдар бұл бағытта кәдімгі климат моделін пайдаланған – мал шаруашылығымен байланысты атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды тоқтатса, жердің 30%-дағы өсімдік қалпына келетінін анықтаған. Яғни, жайылым үшін пайдаланылатын осынша аумақта өсімдіктің өсуіне жағдай жасалса, жаһандық жылынудың бетін қайтаруға болады. Сондай-ақ, метанды, азот оксидін азайту және 800 гигатонна көмірқышқыл газын орман-тоғайда, шабындықтар мен топырақтарда биомассаға айналдыру жаһандық жылынуға бірдей пайдалы әсер ететіні анықталды. Бұдан бөлек, жыл сайын атмосфераға бөлінетін ғаламдық CO2 деңгейін бірлен 68%-ға кемітуге болады. Ғалымдардың айтуынша, адамзат мал шаруашылығынан біржола бас тартса, 20-50 жыл ішінде планетаны климаттық апаттан құтқарып қалуға болады. Мал шаруашылығы қоршаған ортаға аса зиянды негізгі үш парникті газды (метан, көмірқышқыл газы және азот оксиді) бөледі. Жыл сайын әлем бойынша мал шаруашылығынан атмосфераға бөлінетін парникті газдың үлесі жалпы атмосфераны ластаушы заттардың шамамен 16%-ын құрап отыр. Егер адамзат мал шаруашылығынан түбегейлі бас тартса, жылына ауаға бөлінетін метан мқлшері үштен бірге азаяр еді.

Ұқсас материалдар:

«Ірі қарадан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтудың тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/iri-qaradan-bolinetin-ziyandy-qaldyqtardy-azaitudyn-tasili-tabyldy-16209/#gsc.tab=0);

«Сиырдың жапа тастағаны қадағаланады...» (https://islam.kz/kk/news/alem/siyrdyn-japa-tastagany-qadagalanady-13854/#gsc.tab=0);

«Ірі қара жемі үшін метанның бөлінуін азайтатын қоспа жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/iri-qara-jemi-ushin-metannyn-bolinuin-azaitatyn-qospa-jasaldy-15253/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат