Адамның өмірінің соңында неге туған жерін аңсайтыны белгілі болды
Адамның өмірінің соңында неге туған жерін аңсайтыны белгілі болды
2 жыл бұрын 1376 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өмірінің ақырына таяғанын сезген адам неге туған жерін іздейтіні зерттелді. Бұл жайында islam.kz порталы Naked Science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Чикаго университетінің ғалымдары бұл тарапта ауқымды зерттеу жұмыстарын, яғни, сауалнама жүргізген екен, дәлірегі, алты мың адам қатысқан тәжірибе нәтижесін жария еткен. Фәниден бақиға аттанатын мезгілі жақын қалған адам бейтаныс өлкелерге саяхаттаудың орнына өзіне  таныс әрі үйреншікті мекенді таңдайтыны белгілі болып отыр. Мұның сыры неде? Америкалық ғалымдар бұл бағыттағы тәжірибе барысында жаңа (жаңа затты көру я болмаса бейтаныс мекенге бару, т.б.) немесе ескі (бұрын болған я болмаса көрген мекенін тағы бір мәрте көру, бұрын тұтынған бұйымды ұстау, т.б.) тәжірибені таңдауды ұйғаратын гипотетикалық сценриді ұсынған болатын. Мәселен, бұрын көрген фильмін қайта тамашалауды немесе жаңа киноның прьемерасына баруды ұсынған. Аталмыш тәжірибеге қатысқандардың дені бұрынғысын таңдаған. Яғни, жаңасын таңдаушыларға қарағанда ескісін таңдағандар қарасы көп болған. Ал бұрынғы бастан өткерген эмоциясына ұқсас болса, жаңасын да таңдайтындар болған. Ғалымдар аз ғұмыры қалғандардың таныс заттарды артық көретінін оның сенімділік тудыратынымен байланыстырады.

0 пікір
Мұрағат