|
Әйелдер мешітінің танымалдылығы артып келеді
|
Осыдан бес жыл бұрын Тасним Нұр есімді келіншек Лос-Анжелес қаласындағы тек бірыңғай әйелдер құлшылық ете алатын мешітте мінберге шығып, уағыз айтқан болатын. Содан бері бүгінде жасы 37-ге келген Тасним Нұр америкалық мұсылман әйелдердің бетке ұстар жетекшісіне айналды. Алайда, АҚШ аумағында әйелдер мешіті мен әйел имамдар енді ғана кеңінен таныла бастаған. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай мешіттерде айтылатын уағыздар тақырыбы негізінен әйелдер мен отбасы мәселелерін қамтиды, соның ішінде, жүктілік, жасанды түсік, бала тәрбиесі, сондай-ақ, нәсілдік және діни кемсітушілік тақырыптары жиі қозғалады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады