Кәмелет жасына толмағандардың жынысын ауыстыру отасына тыйым салынды
Кәмелет жасына толмағандардың жынысын ауыстыру отасына тыйым салынды
2 ай бұрын 811 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Maksim Konstantinov / Global Look Press

Аргентина билігі кәмелет жасына толмаған балалардың жынысын ауыстыру отасына тыйым салды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің президенті Мануел Адорнидің өкіліне жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Үкімет гендерлік сәйкестік туралы заңды өзгерту және кәмелетке толмағандарға денені түзету терапиясы мен операциясына тыйым салу туралы шешім қабылдады»,- деп мәлімдеді Аргентина басшысы. Ол атап өткендей, қолданыстағы заң ересектерге ғана емес, кәмелетке толмағандарға да осындай операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте балалар мен жасөспiрiмдерге ота жасауға ата-ананың келiсiмi қажет. Жасөспірімдердің заңды өкiлдерi келісімін бермеген жағдайда бұл іс сотта қаралуы мүмкiн.

0 пікір
Мұрағат