|
«Интернет имамдарына» тосқауыл қойылатын болды
|
Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев осы елдің дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссияның директоры Озорбек Молдалиевпен кездесуі барысында елдегі діни ахуалға бақылауды күшейту турасында тапсырма берді. Мұндай шара өз кезегінде ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қауіп-қатердің алдын алуға септігін тигізеді. Қырғызстан Ішкі істер министрлігі ғаламтор арқылы жастарды террористік және экстремистік ұйымдарға тартатын «интернет имамдардың» белсенді жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қырғызстанның 500-ге тарта азаматы халықаралық террористік ұйымдарында содырлар жағында соғысып жүргенін де жеткізген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады