|
Еуропа одағы Африка еліндегі қантөгісті тотату үшін ерекше экономикалық шектеу енгізді
|
Еуропалық одақ Судан аумағында өндірілетін алтынды сатып алуға, импорттауға тыйым салды. Осы елді тұралатқан соғыстың қаржы көзін бұғаттау үшін. Бұл жайында islam.kz порталы Africa News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық одақ жариялаған шара бойынша Суданға асыл тас өндірісінде пайдалаанылатын химикаттарды, атап айтқанда, сынап пен цианид экспортына, сатуға, жеткізуге де тыйым салынған. Алайда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар кезінде көрсетілетін гуманитарлық бағыттағы тауарлармен және дәрі-дәрмекпен жабдықтауға тыйым салынбайды. Алтын – Судандағы қарулы күштер арасындағы соғыстың негізгі қаржы көзіне айналған. Соғыс өрті тұтанған 2023 жылдан бері Суданда он мыңдаған адам қырылып, бір миллионнан аса адам босып кеткен.