Араб елі полиэтилендік пакеттен бас тартады
Араб елі полиэтилендік пакеттен бас тартады
2 жыл бұрын 1915 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әбу-Даби қаласындағы сауда-саттық орындары мен орталықтары бір жолғы полиэтилендік пакеттерден біртіндеп бас тартпақ. Бұл жайында islam.kz порталы The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Біріккен Араб Әмірліггінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі агенттігінің аталмыш тыйымы 2022 жылдың маусым айының 1-нен бастап енгізіледі. Тұтынушылар бұдан былай маттадан тоқылған, экологияға аса зияны жоқ сөмкелерді пайдалануға көшпек. Бұдан бөлек, дүкендерде  полиэтилен пакетінің қоршаған ортаға тигізер зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұрын хабарланғандай, Дубай қаласында да осындай игі шара қолға алынады: 2022 жылдың шілде айының 1-нен бастап бір жолғы полиэтилен пакетін пайдаланғандар ақы төлейтін жүйеге көшеді – полиэтилен пакетінің бір данасы үшін 25 филс сауда жасағанда қосымша ұсталып қалады: мейрамханаларда, дкендерде, дәріханаларда, т.б. Аталмыш агенттік екі жылдан соң мұндай пакеттерді пайдалануға жіне сатуға мүлдем тыйым салатын болады. Қазіргі уақытта мұндай шектеу шарасы әлемнің 30 елінде енгізілген. Ал полиэтилен пакетін пайдалануға әлемнің 90 елінде толық тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат