Еуропалық ел түсік жасату құқығын конституцияға енгізейін деп жатыр
Еуропалық ел түсік жасату құқығын конституцияға енгізейін деп жатыр
7 ай бұрын 1052 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция президенті Еммануел Макрон әйелдердің түсік жасату құқығын келесі жылы, дәлірегі, 2024 жылы ел конституциясына енгізуге күш салатынын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Guardian ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Zakon.kz сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Францияда конституцияны қайта қарау референдумды қажет ететін немесе парламенттің екі палатасының кем дегенде бестен үш дауыспен мақұлдауын қажет ететін қиын процесс. Еуропалық аталған елде түсік жасату 1975 жылы заңдастырылған. Содан бері елде түсік жасату жағдайларын жақсартуға, атап айтқанда, әйелдердің денсаулығы мен құпиялылығын сақтауға, сондай-ақ, процедура ақысын жеңілдетуге бағытталған бірнеше заңдар қабылданды. Өткен жылғы бұл бағыттағы сауалнама нәтижесі көрсеткендей, респонденттердің 89%-ы түсік жасату құқығы конституциямен қорғалуы тиіс, деп есептеген. Министрлер кабинетінің келтірген дерегіне қарағанда, өткен жылы Франция аумағында 234 мың түсік жасату оқиғасы орын алған. Сөз орайы келгенде еуропалық кей елдердегі түсік жасатуға қатысты ұстанымдарды баяндай кетуді жөн көріп отырмыз:

1)     2022 жылдың қыркүйек айында Венгрияның оңшыл үкіметі әйелдерді қауіпсіз жолмен түсік жасатудан бұрын «құрсақтағы шарананың жүрек соғысын тыңдауды» міндетті етті.

2)     Полшадағы түсік жасатуға қатысты заң Еуропа бойынша ең қаталы саналады. Тек зорлаудан бала көтеріп қалған жағдайда, туысынан аяғы ауырлап қалғанда, сондай-ақ, ананың немесе іштегі баланың денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда ғана жүктілікті тоқтатуға мүмкіндік береді. 2020 жылы елдің конституциялық соты құрсақтағы шарананың денсаулығындағы кінәраттар мен ақауларғаа байланысты түсік жасату туралы конституциялық емес шешім қабылдаған кезде шектеулер күшейтілді.

3)     Италияда түсік жасату 1978 жылдан бері заңды процедура болғанымен, моралдық негізде, яғни, адамгершілікке жат деп санайтын түсік жасатуға қарсы гинекологтардың көптігіне байланысты аталмыш процедураға қол жеткізу өте қиын. Оның үстіне, Италияның оңшыл үкіметі түсік жасатуға қарсы

Ұқсас материалдар:

«Түсік жасатудан бас тартуға шақырған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартатың заң қабылданды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-jasatudan-bas-tartuga-shaqyrgan-adamdy-qylmystyq-jauapkershilikke-tartatyn-zan-qabyldandy-16636/#gsc.tab=0); 

«Түсік жасатумен күресетін әскери патрул жасақталды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-jasatumen-kuresetin-askeri-patrul-jasaqtaldy-18745/#gsc.tab=0);

«Түсік пен жасанды жолмен ұрықтандыруды жарнамалауға тыйым салынды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tusik-pen-jasandy-jolmen-uryqtandyrudy-jarnamalauga-tyiym-salyndy-8506/#gsc.tab=0);

«Тек бір себеппен ғана түсік жасатуға рұқсат етілетін заң забылданды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tek-bir-sebeppen-gana-tusik-jasatuga-ruqsat-etiletin-zan-zabyldandy-15700/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат