Айя Софияға шетелдіктер ақы төлеп кіретін болады
Айя Софияға шетелдіктер ақы төлеп кіретін болады
6 ай бұрын 626 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ыстамбұл шаһарындағы әлемге әйгілі Айя София мешітіне шетелдіктер келесі жылы, дәлірегі, 2024 жылдың қаңтар айының 15-нен бастап ақы төлеп кіре алады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нұр Ерсойға жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы орайда Түркияның мемлекеттік кеңесінің 2020 жылдың шілде айында осынау бірегей тарихи кешенді мешіттен мұражайға айналдыру туралы 1934-ші жылғы шешімнің күшін жойғанын айта кету керек. Түркия президентінің пәрменімен қайта мешітке айналдырылды. Айя Софияда алғашқы намаз 2020 жылдың шілде айының 24-де оқылғанын да айта кетпеске болмайды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның осы жарлығынан кейін азаматтығы мен сапар мақсатына қарамастан Айя София есігі барлығына ашық болды, яғни, тегін кіре алатын.

0 пікір
Мұрағат