|
Ота кезінде наркоздың әсерінен азан оқумен болды (видео)
|
Түркияның Шорым емханасында ота жасатқан жас жігіт наркоз әсерінен азан шақырумен болды. Бұл жайында islam.kz порталы Gündem Özel Haber ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Телефон арқылы таспаға тартып алынып, әлеуметтік желіге жүктелген бұл видео аз уақыт ішінде күллі әлемге таралды. Адамның наркоз әсерінен түрлі әрекеттерге баратыны таңсық емес: жылайды немесе күледі, бет-аузын тыржитады, т.б. Ал Ахмет Жосқын есімді 23 жастағы науқас ота кезінде адамдарды намаз оқуға шақырумен болған. Өйткені, ол балалық шағында мешітте жиі азан шақыруды әдетке айналдырған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді