ЕО Израил меншіктеген аумақты заңсыз деп тапты
ЕО Израил меншіктеген аумақты заңсыз деп тапты
1 ай бұрын 433 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: Muammar Awad / AP

Иордан өзенінің батыс жағалауындағы израилдік келімсектердің қонысын Еурокомиссия заңсыз деп танитынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz плорталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуроодақ аталған аймақта Израилдің тағы 1355 тұрғын үй салу жоспарын айыптап отыр. «Халықаралық құқыққа сәйкес бұл қоныс заңсыз. Ол Израил мен Палестина арасындағы екі жақты келісімге кедергі келтіреді»,- деп айтылған мәлімдемеді. ЕО билігі 1967 жылы қазіргі Израил мемлекетінің негізін қалаған, алты күнге созылған соғыстағы шекарадан басқа өзгерістерді мойындамайтынын ресми мәлімдеді әрі Израил билігін заңсыз құрылыстан бас тартуға шақырды. Израил билігі әлем қауымдастығының наразылығын да, бұл тараптағы халықаралық нормативті актілерді де елеп отырған жоқ. Иордан өзенінің батыс жағалауы маңындағы аумақты 1967 жылдан бері Израил әскері бақылауда ұстап отыр. Аталған аймақтағы палестиналықтарды біртіндеп ығыстырып, израилдік келімсектердің қоныстануына жағдай жасап отыр. ЕО билігі Израилдің палестиналықтарға қатысты кез келген әрекетін айыптаудан аса алмайтыны, яғни, ядролық бағдарламасына байланысты Иранға қолданылған санкция секілді нақты бір саяси немесе экономикалық шара қолданбайтыны Израилдің заңсыздығын тыймауына себеп болып отыр.  

0 пікір
Мұрағат