Арабтар Израилдегі әскери жаттығуға қатысты (видео)
Арабтар Израилдегі әскери жаттығуға қатысты (видео)
1 ай бұрын 361 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил аумағында өтіп жатқан «Көгілдір ту» атты әскери жаттығуға Біріккен Араб Әмірлігі, Италия, Норвегия, Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ және Бельгия әскерилері қатысуда. Бұл шараға БАӘ-нің әскери әуе күштерінің қолбасшысы, генерал-майор Ибрагим Насер Мұхаммед әл Алауидің өзі келді. Бұл жайында islam.kz порталы Arutz Sheva ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Палмахим авиабазасында оны Израилдің әскери әуе күштері қолбасшысы Амикам Норкиннің өзі салтанатты саппен құрметпен қарсы алды. Әлемнің алдыңғы қатарлы сегіз елі қатысқан бұл әскери жаттығу Таяу Шығыстағы ең маңызды саяси оқиға ретінде бағаланып отыр. Әскери ұшқыштар бесінші буынға жататын F-35 жойғыш ұшағымен жаттығады. Бұл жаттығу Израилдің әскери әуе күштерінің қорғаныс саласын күшейтуге мүмкіндік бермек.

0 пікір
Мұрағат