Экстремизммен айыпталғандарға салынған тыйымдар
Экстремизммен айыпталғандарға салынған тыйымдар
2 жыл бұрын 1730 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы бұл тараптағы заңнамаға түзету енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Интерфакс» дерек көзіне жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел аумағында қабылданған заңнама талаптарына сәйкес лаңкестік әрекетімен көзге түскен немесе экстремистік бағытта қылмыс жасауға оқталған я болмаса экстремистік ұйым қатарында немесе құрйылтайшысы болған азаматтар осындай айыппен түрмеде жазасын өтеп шыққан сәттен бастап бес жылға дейін қандай да бір жауапты әрі лауазымды орындарға сайлана және тағайындала алмайды. Дәлірегі, қандай да бір мекеменің, аймақтың немесе құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе орынбасары, т.б. болып сайлана немесе тағайындала алмайды. Бұдан бөлек, РФ президенті болып сайлануына тыйым салынады. Соның ішінде экстремистік немесе террористік ұйымды жою немесе оның қызметіне тыйым салу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде құрылтайшы, алқалы басқару органының мүшесі, басшы, басшының орынбасары, оның ішінде өңірлік немесе өзге де құрылымдық бөлімше болып табылатын тұлғаларға осындай тыйым салынады. Сондай-ақ, мұндай ұйым құрылтайшысының, алқалы басқару органының мүшесінің, басшысы болған тұлға соттың ұйымды тарату немесе оған тыйым салу туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл өткенге дейін президенті болып танылмайтындығы айтылған. Экстремистік және террористік ұйымдардың қызметіне қатысушыларға, мүшелеріне, қызметкерлеріне немесе басқа да тұлғаларға келетін болсақ, олар сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл өткенге дейін Ресей Федерациясының Президенті болып сайлана алмайды.

 

0 пікір
Мұрағат