|
Енді қажылыққа екпесіз бара аласыз
|
Саудия билігі қасиетті Мекке мен Мәдинада жұқпалы індетке қарсы екпе салдырмаған қажыларды да қабылдауға шешім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша аталған араб елі пандемияға байланысты сақтық әрі шектеу шараларының тағы бір талабын жойып, қажылардың діни парызын орындауына мүмкіндік тудырып отыр. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын бұл тарапта аталған араб еліне сапар шегетіндер үшін карантин, яғни, уақытша оқшаулау шарасын, ПЦР, мешіттерде арақашықтықты сақтау, тест тапсыру шараларын тоқтатқанын жазғанбыз. Тек маска тағу міндетті болмақ. Ұмраға баратын барлық ел азаматтарына жол ашық.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия шетелдік жұмысшылар отбасына виза ашу ережесін өзгертті
■
Өзбектер кедейлерді қолдаудың өзгеше әдісін тапты
■
Араб елі өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандарға қарсы қылмыстық жазаны жойды
■
Ақшаның жылыстауы бойынша Парсы шығанағы елдері көш бастады
■
Бірер жылдан соң григориан күнтізбесі бойынша бір жылда үш айт мен екі қажылық маусымы болады