Жалақаны дер кезінде төлемеген жұмыс берушілерге қатаң шаралар қолданылады
Жалақаны дер кезінде төлемеген жұмыс берушілерге қатаң шаралар қолданылады
2 жыл бұрын 2058 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігінің еңбек ресурстары және әмірлендіру министрлігі жалақыны кешіктіріп төлегендерге немесе еңбекақыны дер кезінде бермеген жұмыс берушілерге қатаң шаралар қолданатын шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы businessemirates.ae ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соның ішінде жалақыға қатысты қоластындағы қызметкерлердің немесе жұмысшылардың құқығын бұзған жұмыс берушіге айыппұл салудан бастап, кәсіпорнын жабуға әрі заңмен қудалауға дейінгі шаралар қолданылады. 50 адам немесе одан да көбірек адам жұмыс істейтін кәсіпорындарда 17 күнге дейін жалақы кешіктірілсе, міндетті түрде тексеріледі. Жалақы неғұрлым кешіктірілсе, салынатын айыппұл мөлшері де соғұрлым өседі. Келісімшартта алдын ала келісілмесе, жалақының төленуі он бес күннен артық кешіктірілсе, жұмыс берушінің жауапкершілігі қаралады. Жаңа ереже талаптарына сәйкес жалақы жұмыс беруші мен жұмысқа тұрған адамның арасындағы еңбек келісім-шартында белгіленген күні және айына кем дегенде бір мәрте төленуі тиіс.Жұмысшылардың немесе қызметкерлердің жалақыға қатысты құқығы бұзылған  жағдайда мынадай санкциялар қарастырылады:

-         Жалақыны үш күннен он күнге дейін кешіктірген жағдайда компания басшылығына тиісті құзыретті орындар ресми ескерту жасайды;

-         Жалақының төленуі 17 күге кешіктірілсе, жұмыс істеуге жаңа рұқсат беру тоқтатылады. Екіншіден, тексеру жүргізіледі тиісті органдар тарапынан;

-         Ал 30 күнге дейін жалақы төленбесе, компаниямен прокуратура айналысады: бұл шара 50 адамнан 499 адамға дейін жұмыс істейтін компанияларға қолданылады, ал 500-ден аса адам жұмыс істейтін компанияларға қолданылатын шара қатаңдау болмақ;

-         60 күнге жалақы берілмесе, құқық бұзған кәсіпорын жұмысына рұқсат беру тоқтатылады;

-         Мұндай жағдай (жалақының дер уақытында төленбеуі) қайталанған жағдайда министрлік тарапынан арнайы тексеру жүргізіліп, аса ірі мөлшерде айыппұл салынады. 

Ұқсас материал: 

"Жалақыны кешіктіру ауыр қылмыс санатына жатқызылуы мүмкін" (https://www.islam.kz/kk/news/alem/jalaqyny-keshiktiru-auyr-qylmys-sanatyna-jatqyzyluy-mumkin-13138/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат