Экономикасын тығырытан алып шығу үшін шай ішуді шектемек
Экономикасын тығырытан алып шығу үшін шай ішуді шектемек
2 жыл бұрын 1788 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пәкістан билігі тұрғындарына елді жайлаған экономикалық дағдарысты еңсеру үшін шайды аз ішуге үндеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы The Tribune ақпарат көзінее сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, федералды жоспарлау министрі Ахсан Икбал ел тұрғындарын Азияда кеңінен тұтынылатын сусынның осынау түрін шақтап ішуге шақырып отыр. Оның есебінше, жыл сайын ел тұрғындары 400 млн доллардың шайын ішеді. Шай экспортын ұлғайту үшін әр тұрғынға күніне екі шыныаяқ шай ішуге ғана кеңес беріп отыр. Осылай деген ол отандық нарықтағы шайдың үлесі мол болғанына қарамастан, тіпті, шайды экспорттайтын санаулы елдердің бірі болғанына қарамастан Пәкістанның өзі шайды импорттайтынына тоқталды. Мәселен, өткен жылы аталған ел ішкі сұранысты қанағатттандыру үшін 60 млн долларға шайды сырттан алдырған. TRT World ақпарат көзінің жазуынша, оның бұл бастамасын ел тұрғындары құптаған жоқ. Соған қарамастан Ахсан Икбалдың бастамасына қолдау білдірген әріптестерінен киім-кешек сауда-саттық министрі Уәлид Ансардың ел тұрғындарын күніне кем дегенде 5-6 шыныаяқ шай ішетін әдетін сынға алды.

0 пікір
Мұрағат