|
Шымкенттегі кәсіпорындар мен мамандар сертификат алды
|
Қасиетті Жұма күні "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы Шымкент қалалық орталық мешітінде өңірдегі бірқатар кәсіпорындар мен мамандарды сертификаттады. Атап айтқанда, ЖК "Эртаев", ЖШС "Алан"-ға "QMDB Halal" сертификаты, Хасанбаев Камилиддинге қасапшы куәлігі табысталды. Ал, жақында ғана Шымкент қаласы бойынша жауапты технолог қызметіне тағайындалған Аружан Аралбайға растаушы куәлігі берілді. Сонымен қатар, рәсімге қатысушыларға "Muftyat" баспасынан жарық көрген "Халал - шариғат талабы" кітабы тарту етілді.
Марапаттау соңында Айбек Асқарбекұлы қатысушыларға халал турасында уағыз-насихат айтып, өңірдегі "Халал Даму" өкілідігі мен жергілікті кәсіпкерлердің халал саласына қосқан үлестеріне алғысын білдірді.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді