Джонсон Хопкинс университеті халал ас мәзіріне көшеді
Джонсон Хопкинс университеті халал ас мәзіріне көшеді
1 жыл бұрын 1659 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Балтиморлық мұсылман құқығын қорғаушылар Джон Хопкинс университетінің мұсылман студенттерінің үндеуіне назар аударғанын құптады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  The Baltimore Banner дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұған дейін Джонс Хопкинс университетінің Мұсылман студенттер қауымдастығы университет асханасының ас мәзіріне халал тағамдарды енгізу, намазхананың ақаулы есігін ауыстыру және имам іздеуді жеделдету туралы өтінішпен университет басшылығына жүгінген болатын. Алдында арада бірнеше ай өтсе де аталмыш жоғарғы оқу орнының әкімшілігі мұсылман студенттердің үндеуіне жауап бермеген болатын. Мұсылман қауымы Америка-Ислам қатынастары кеңесінің (CAIR) Мэриленд филиалымен байланысуды ұйғарды, ал құқық қорғаушылар университетке діни азшылықтың шағымын жеткізді. Мэриленд штатының CAIR директоры Зейнеп Шаудри әртүрлілік және инклюзия жөніндегі вице-канцлер Чарлз Луға хабарласты, ол оған барлық өтініштер орындалатынына уәде берді.

0 пікір
Мұрағат