Кептеліс кезінде «секіріп» өтетін автокөлік құрастырылды (видео)
Кептеліс кезінде «секіріп» өтетін автокөлік құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 1310 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Бейне: XPENG AEROHT

Қытай стартапы жолда жүруге арналғанымен ұшу арқылы кедергілерді еңсере алатын көліктің жаңа түрін сынап көрді және жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Aeroht компаниясы ерекше ұшатын көлік құрастырды. Ұшуға арналған eVTOL-дан айырмашылығы - жаңа көлік жердегі саяхат уақытының 90%-на дейін өткізеді, қажет болған жағдайда ғана әуеге көтеріледі. Bloomberg іскерлік дерек көзінің мәліметіне қарағанда, компания бұл көлігін 2025 жылдан бастап өндіріске енгізеді. Бұл ретте бір көліктің құны шамамен 140 мың долларды құрауы мүмкін.Түймені басу арқылы роторды іске қоса аласыз, ол өз кезегінде жүруге қолайлы жолға түскенше көлікті әуеге көтереді. Сарапшылар eVTOL ұшатын көлігіне қарағанда көп уақытын жерде өткізетін гибридті моделге көшу өз кезегінде машинаның құнын айтарлықтай төмендететінін атап өтті. Салыстыру үшін алсақ, eVTOL құны кем дегенде 1 миллион долларды құрайды, ал қытайлық гибрид шамамен жеті есе арзан. Қалалық ортада мұндай көліктің қалай жұмыс істейтіні және реттелетіні әзірге белгісіз: ұшатын көліктерге арналған жолда жүру ережелері әлі белгіленбеген, ал көптеген елдерде оларға тыйым салынған.

0 пікір
Мұрағат