Әлемдегі ең ірі мегаполстердің бірі мектептегі ас мәзірін шариғат талаптарына сәйкестендірмек
Әлемдегі ең ірі мегаполстердің бірі мектептегі ас мәзірін шариғат талаптарына сәйкестендірмек
1 жыл бұрын 1432 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк мэрі қала мектептерінде халал мәзірін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы About Islam ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы өзгерістер қалалық әкімдік жүзеге асыратын «Мектеп асханасын жақсарту бағдарламасы» аясында жүзеге асырылады. «Діни сеніміне қарамастан әрбір оқушы өзінің діни наным-сеніміне сәйкес ас мәзіріне тұтынуға лайық. Ұзақ уақыт бойы мұсылмандар түскі астан бас тартуына немесе дінде тыйым салынған тағамдарды тұтынуға мәжбүр болды. CAIR қала мэрінің мектептерді халал стандартына көшіру туралы шешімін құптайды», деді CAIR мұсылман үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Афаф Нашер. Қазіргі уақытта Нью-Йоркте оқушыларға халал мәзірін беретін 79 мектеп бар. Олардың барлығында Н әрпі бейнеленген стикер бар және сертификатталған. Жаңа жылдан кейін көптеген мектептердің оқушылары исламда рұқсат етілген ингредиенттерден жасалған тағамды сатып ала алады.

0 пікір
Мұрағат