Бір елдің өзінде роботтар 10%-дан аса жұмысшыны алмастырған
|

Соңғы 20 жылда зауытта жұмыс істейтін өнеркәсіп роботтарының саны екі есеге артып, күллі әлем бойынша 4 млн-нан аса жұмысшыны алмастырған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде World Robotics ұйымының баяндамасында келтірілген дерекке жөн сілтеген kazpravda.kz және «24KZ» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай құбылыс өндірісті жаппай автоматтандыру науқанымен және жасанды зерде технологиясымен тығыз байланысты өрбіп отыр. Бұл тараптағы көрсеткіш енді бірер жылдан соң, дәлірегі, 2030 дылға таман алты есеге артады. «World Robotics» есебінің авторлары әлемдегі кәсіпорындарды роботтандыру бойынша 10 жетекші елдің рейтингін түзіпті. Бұл тізімде Оңтүстік Корея көш бастаған. Әрбір 10 мың қызметкерге шаққанда 1012 өнеркәсіптік робот жұмыс істейді. Олардың саны жыл сайын орта есеппен 5%-ға өсуде. Таңғы шық еліндегі жетістік ең әуелі еңбекке жарамды халық санының азаюымен байланысты. Аталған елдің билігі осы он жылдықтың соңына қарай бұл салаға екі жарым млрд доллар инвестиция құяды. Жыл сайынғы World Robotics есебіндегі мәліметке сәйкес Сингапур 10 мың адамға шаққанда 770 робот санымен кәсіпорындарды роботтандыру бойынша екінші орында тұр. Үшінші орынға Қытай жайғасқан, онда жұмыс күші 470 роботпен алмастырылады. Қытайден кейінгі орындарға Германия мен Жапония иек артқан. Швеция, Дания, Словения, Швейцария және Америка құрама штаттары алғашқы, үздік ондық құрамына кірген. 2028 жылға қарай әлемдік роботтар нарығының көлемі екі есе өсіп, шамамен 260 млрд долларға жетеді. World Robotics сарапшыларының пікірінше, өнеркәсіп секторында роботтарға үлкен сұраныс бар, мысалы автокөлік құрастыру зауыттарында.




