|
Африка құрлығы тұрғандарының жартысына дерлігі – балалар
|
Өткен жылдың (2025) жылдың қорытындысы бойынша бүкіл әлемдегі балалар саны 2,4 млрд-қа жеткен. Осы балалардың тең жартысы Африка құрлығына тиесілі. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Ajansi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәліметке қарағанда, 0-ден 17 жасқа дейінгі балалар саны әлемде 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде ұлғайды, алайда, 2025 жылы азайды. 2021 жылы әлемдегі балалар саны 2 млрд 365 млн адамды құрады, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2 млрд 395 млн-ға дейін, ал 2023 жылы 2 млрд 397 млн-ға дейін өсті. 2024 жылы көрсеткіш 2 млрд 413 млн адамға жетіп, 2025 жылы 2 млрд 409 млн адамды құрады. 194 ел бойынша деректерді талдау нәтижесі 2021-2025 жылдар аралығында балалар саны 110 елде ұлғайғанын, ал 84 мемлекетте қысқарғанын көрсетті. Осы кезеңде балалар санының ең көп өсімі Пәкістанда тіркелді. Одан кейін Конго Демократиялық Республикасы мен Нигерия тұр. Балалар санының едәуір азаюы Қытайда, Үндістанда және Бразилияда байқалды.
Балалар саны жағынан Азия көш бастап тұр
Балалар саны ең көп елдер арасында Азия аймағындағы мемлекеттер көш бастап келеді. Әлемдегі ең көп қоныстанған ел - Үндістан 430 миллион 108 мың баламен бірінші орынды иеленді. Екінші орынға 270 миллион 206 мың бала тұратын Қытай шыққан. Нигерия 112 миллион 821 мың баламен үшінші орынға жайғасса, Пәкістан 109 миллион 511 мың баламен төртінші табан тіреген, Индонезия 83 миллион 523 мың баламен бесінші орынға иек артқан. Одан кейін орындардан көрінген: 72 миллион 892 мың бала бар Америка құрама штаттары, Эфиопия - 61 миллион 480 мың, Конго Демократиялық Республикасы - 59 миллион 229 мың, Бангладеш - 58 миллион 679 мың және Бразилия - 49 миллион 975 мың. Осылайша, осы он елдің балалар санының жалпы саны 1 миллиард 308 миллион адамнан асты және әлемдегі барлық балалардың жартысынан астамын құрады. Балалар саны ең аз елдердің ондық құрамына Тувалу, Палау, Сан-Марино, Науру, Монако, Лихтенштейн, Сент-Китс және Невис, Андорра, Доминика және Маршалл аралдары енді. Африкадағы балалардың үлесі 50% -ға жақындады. 194 мемлекеттің ішінде 54 африкалық ел халықтың жалпы санында балалардың үлесі жоғары. Бұл елдер халқының жиынтық саны 1,5 миллиард адамға жете-қабыл, оның 701 миллион 639 мыңы - балалар. Осылайша, балалар Африка құрлығы халқының жартысына жуығын құрайтыны анықталды. Халық арасында балалар үлесі ең жоғары елдердің әлемдік рейтингінде алғашқы он орынды Африка мемлекеттері иеленді. Бірінші орында Орталық Африка Республикасы тұр, онда балалар халықтың 56,2% -ын құрайды, яғни, ел тұрғындарының жартысынан астамын құрайды. Одан кейін 53,3 пайыз көрсеткішімен Нигер, Сомали - 53%, Мали - 52,9%, Чад - 52,7%, Конго Демократиялық Республикасы - 52,5%, Бурунди - 51,4%, Мозамбик - 51,1%, Ангола - 50,8% және Уганда - 50,2%. Қалған 44 африкалық елде халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі 18-49% аралығында ауытқиды.
Түркияда 21,4 миллионға жуық бала тұрады
Соңғы бес жылда Түркиядағы балалар саны айтарлықтай азайды. 2025 жылы Түркия 21 млн 376 мың баламен әлемдік рейтингте 22-орынды иеленді. 2021 жылы бұл ел 20-шы орыннан көрінген еді. 2021 жылы Түркияның балалар саны 22 млн 738 мың адамды құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 22 млн 578 мыңға дейін, 2023 жылы - 22 млн 206 мыңға дейін, ал 2024 жылы - 21 млн 817 мыңға дейін төмендеді.